HaftanınÇok Okunanları
Serdar Dağıstan 1
BEDRETTİN KELEŞTİMUR 2
KEMAL BOZOK 3
HUDAYBERDİ HALLI 4
İSMAİL DELİHASAN 5
VILAYET GULIYEV 6
Ülkü Taşlıova 7
Сезімім жалт еткенде, Сері едім қырды асатын. Көңілде бір ару бар Шолпанмен сырласатын.
Көздерге шалынбайтын, Іздейтін қарап бәрі. Жанары түннің түсі, Марстан далаптары.
Ақ бұлтпен бояғандай, Сымбатты тұла бойын. Бір сәтке елестетсем Елеңдеп тұрады ойым.
Есепсіз метеоридтер Өзара ұрынбайтын. Сол жанның көңілі үшін Бар жұлдыз жымыңдайтын.
Берілсең бой бермейтін, Дүние күйік екен. Құдай-ай, мына менің Арманым биік екен!
Дидары Ай мен Күннің Көрінген келбетінен. Оныншы ғаламшарды Іздедім Жер бетінен.
Бауыржан Ерман
| Hislerim kabardığında
Gözlere görünmeyen, Beyaz bulutlarla sanki, Sayısız meteoritler Oluversen bile teslim, Ay’ın ve Güneş’in yüzü
Çeviren: Fatih Sultan Yılmaz |